деп хабарлады елорданың ІІД баспасөз қызметінен.
Қылмыс Минскідегі жалға алынған пәтерде 2012 жылғы 10 желтоқсанда орын алған. Оқиға орнынан бірнеше жерден пышақталған екі ер адамның денесі табылды. Олардың бірі — Қазақстан азаматы, екіншісінің Ресей азаматы екені (1985 және 1982 жылдары туылған) анықталды.
«Қаскүнемдер жәбірленушілерді аса қатыгездікпен пышақтап өлтіріп, оларға тиесілі ірі сомадағы қаражатты иеленіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталмыш факті бойынша Беларусь Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Астана қ. ІІД мен Беларусь Тергеу комитетінің өзара іс-әрекетінің арқасында қылмыс жасаған күдіктілер ҚР аумағынан табылды. Олар 29 және 32 жастағы ҚР азаматтары болып шықты», — деп хабарлады Астана ІІД баспасөз парағында.
Жауап алу барысында ұсталғандар айыптарын мойындады. Беларусь полициясы қылмыстық іс қозғады, ол одан әрі тергелу үшін Астананың ІІД-ге жіберілді, делінген баспасөз парағында.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 280-бабы тәртібінде одан әрі сотқа жолдану үшін Астана қ. прокуратурасына жіберілді», делінген хабарламада.