Минскіде ТМД-ның экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясы мен тұрақты өкілдер кеңесінің бірлескен отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде ТМД-ның экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясы мен тұрақты өкілдер кеңесінің бірлескен отырысы өтеді

Минскіде ТМД-ның экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясы мен тұрақты өкілдер кеңесінің бірлескен отырысы өтеді

Минск. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Минскідегі ТМД бас пәтерінде 24-сәуірде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясы мен ТМД-ға қатысушы елдердің Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы толық құқылы тұрақты өкілдер кеңесінің бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 415
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа қатысушылар санаткерлің меншік саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен жұмыс комиссиясының іс-қызметі туралы ақпаратты тыңдап, талқылайды.

ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Мария Гуцалоның хабарлауынша, комиссия санаткерлік меншік саласындағы заңнаманы үйлестіру мен жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыруға, санаткерлік меншік нысандарын қорғау тиімділігін көтеру үшін әкімшілік, азаматтық және қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге белсене қолдау көрсетуде.

М. Гуцалоның айтуынша, ТМД елдерінде қарақшылықпен көшірілген өнімдердің таралуы мен оларды өндірудің алдын алу үшін тұрықты негізде кең көлемді тексерулер, санаткерлік меншік саласындағы заң бұхзушылықтарға жол бергендерге қаытсты сот тыңдаулары өткізіліп, халық арассында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қозғалған және сотқа жеткен қылмыстық істер мен жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санына қатысты статистикалық мәліметтер келісімге қатысушы елдерде құрылған санаткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау тетіктерінің тиімділігі арта түскенін паш етеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс барысында ТМД салалық ынтымақтастық органдарының 2007 жылғы жұмыс нәтижесіне және олардың іс-қызметін оңтайландыру ұсыныстарына баса назар аударылады.

Кездесуге қатысушылар ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың басты шаралар жоспарының орындалуын талдап, ағымдағы жылдың 28 наурызында Мәскеуде өткен сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы мен осы жылдың 23 мамырында Минск қаласында өтетін үкімет басшыларының кездесуіне дайындық мәселелерін талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті