Миында қатерлі ісік анықталған көкшетаулық 8 жасар Дидарға көмек керек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Миында қатерлі ісік анықталған көкшетаулық 8 жасар Дидарға көмек керек

Миында қатерлі ісік анықталған көкшетаулық 8 жасар Дидарға көмек керек

Көкшетаулық бүлдіршін көмекке мұқтаж! 8 жасар Дидардың миында ісік бары осыдан бір жарым жыл бұрын анықталған. Ата-анасы оны Ресейге апарып операция да жасатыпты. Бірақ, одан оң нәтиже болмай тұр.

  • 21 Наурыз 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz

Мынау Дидардың 5 жасында өз қатарластарымен бірге «Қаражорға» билеп, асыр салып ойнап жүрген кезі. Сырқаты 1-ші сыныпқа барғаннан бастап білінген. Миындағы қатерлі ісікке жедел операция жасау керек болғанда ата-анасы банктен 3 миллион несие алып, ресейлік мамандарға қаратыпты. Онысы сәтсіз шыққан. Содан бері Дидар сөйлеуден, тіпті жүруден қалды. Тамақты қазір тұмсығы арқылы түтікшемен беріп жатыр. Ал қайта ем жасатуға квота керек екен. Оны қағазбастылық кесірінен ала алмай жүр. Сондықтан қайырымды жандардан көмек күтеді.


Айжан Әбдиева, Дидардың анасы:

-ДенсаулықСақтау министрлігінен квотасұрады. Олар бізді итеріп отырып, шығарып салады.Еш көмек жоқ. Астана қаласына жатқызамыз ба деп ойлап едік. Алдында баланы өз ақшамызға апарып едік, қазір енді оған жағдайымыз жоқ.