Жарияланды: 390

М.Каддафи отставкаға кетуге келісті

Ливия басшысы Муаммар Каддафи, қауіпсіздігіне кепілдік берілген жағдайда, отставкаға кетуге келісті. НАТО-дағылар келісім беруге әзір,

деп хабарлады «Коммерсантъ» басылымына ресейлік басшылықтағы жоғары лауазымды дереккөз. Оның айтуынша, бұл мәселеде Франция мәмілеге бейім отыр. Париж Каддафи мен оның отбасының есепшоттарын ашуға дайын және полковник биліктен тыныш кетсе, оны Гаага трибуналынан алып қалуға көмектесуге уәде беріп отыр. Оған қоса, Ливия басшысының өз елінде қалу мәселесі де талқылануда. Дегенмен, М.Каддафидің тағы бір шарты бар - билік басынан кеткен соң өтетін сайлауға оның ұлы Саиф қатысуы керек. Бірақ оған оппозиция келіспеуде. Бенгазидегілер, Каддафи осылайша билікке жармасып қалмақ, деп санайды. Ал Триполидегі Каддафидің жақтаушылары болса, өз жетекшілерінің биліктен кетуін қабылдауға әзір екендерін, бірақ биліктің «батысшылдарға» берілуіне үзілді-кесілді қарсы екенін мәлім етуде. Олардың пікірінше, егер көтерілісшілер демократияны қаласа, онда сайлауға елдің барлық саяси күштерінің қатысуына мүмкіндік берулері керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін