MMA шебері мен қылмыстық топ мүшесінің төбелесі видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
MMA шебері мен қылмыстық топ мүшесінің төбелесі видеоға түсіп қалды

MMA шебері мен қылмыстық топ мүшесінің төбелесі видеоға түсіп қалды

Желіде Қырғызстанның Ош қаласындағы клубтарында бірінде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Видеодан MMA аралас жекпе-жек шебері мен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі төбелескен, - деп хабарлайды Kabarlar.

  • 29 Маусым 2018
  • 56
Фото - Caravan.kz

Ош қалалық ІІБ мәліметінше, 20 маусымда қаладағы демалыс орындарының бірінде үш ер адамның зардап шеккені жайлы мәлімет келіп түскен. Зардап шеккендердің айтуынша, оларды себепсіз ұрып-соққан. Екеуінің жағы сынған, ал үшіншісі жеңіл жарақат алған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ош қаласының екі тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында ұсталғандардың бірінің ІІМ есебінде Ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде тіркелгені анықталды. Ал тағы бір ұсталған ер адам спортшы — ММА аралас жекпе-жегінің шебері болып шықты.


Басылымның мәліметінше, қажетті сараптамалар тағайындалды. "Бұзақылық" бабы қылмыстық іс қозғалды.
 

Соңғы жаңалықтар