Монғолияда тұратын қазақтарға қайырымдылық көмек жеткізіп беру жөніндегі республикалық шараға қатысушылар Семейде болды
KZ-today тілшісінің хабарлауынша, Монғолияда тұратын қазақтарға қайырымдылық көмек жеткізіп беру жөніндегі республикалық шараға қатысушылар Семейде болды. |
Топ жетекшісі- Сорос-Қазақстан қорының президенті Мұрат Әуезовтың айтуынша, делегация өкілдері өз сапарын Алматыдан бастап , Монғолияның Баян-Өлгий аймағында 7 күн болған. Топ Монғолияны мекен ететін қандастарымызға музыкалық аспаптар, қазақша ән-күйлер жазылған үнтаспалар, ГАЗ-66 автокөлігінің салонында жабдықталған жылжымалы кітапхана тәрізді қайырымдылық көмекті тарту еткен.
Қазақстанға қайтар жолында еліміз өкілдері 17 мың қазақ тұратын Ресейдің Алтай аймағын аралаған көрінеді. Онда делегация зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін