Монополияға қарсы күрес мекемесі "Табиғи монополиялар туралы" заңға түзетулер енгізу жөнінде бастама көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монополияға қарсы күрес мекемесі "Табиғи монополиялар туралы" заңға түзетулер енгізу жөнінде бастама көтерді

Монополияға қарсы күрес мекемесі "Табиғи монополиялар туралы" заңға түзетулер енгізу жөнінде бастама көтерді

Республика парламентіне "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасы ұсынылды. Бұл туралы бүгін, 12-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 811
Фото - Caravan.kz

Агенттік төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесованың айтуына қарағанда, бұл заң жобасында «құзыретті мекеме кәсіпорындардың іс-қызметі табиғи монополияға жата ма, жоқ па деген тұрғыда талдау жасайды» деп көрсетілген. Оның түсініктемесіне жүгінсек, «бұрынғы заңда қандайбір нысанды табиғи монополия субьектісіне жатқызу немесе жатқызбау өлшемдері айқындалмаған». Сондай-ақ, заң жобасында «қызмет сапасы мен тарифті өзара байланыстыру», сондай-ақ, «табиғи монополия субьектілерінің өтінішін қарауда қоғамдық тыңдауларды міндетті түрде өткізу» қарастырылған. Бұған қоса «табиғи монополия субьектілері төлемдерді өз кассаларында қабылдайтындығы» ескерілген. Сондай-ақ, заң жобасы бір қызмет түріне (тауар немесе жұмыстарға) екіншісінің есебінен субсидия бөлу тәжірибесін жоюды көздейді.

«Бұл заң жобасын біз жазғы демалыс басталғанға дейін парламенттің қос палатасының талқысынан қатар өткізіп үлгереміз деп сенеміз»,- деді О.Жандосов. Оның айтуынша, бұл заң жобасы «тек «Табиғи монополиялар туралы» заңға ғана емес, сонымен бірге «Теміржол көлігі туралы», «Байланыс туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ, «Электр қуаты туралы» жаңа заңды қабылдатуға бағытталған заң жобалары топтамасының құрамды бөлігі болмақ».
Агенттік төрағасы осы орайда «аталмыш заң жобаларының топтамасын монополияға қарсы күрес агенттігі мен үкіметтің қай-қайсысы да биылғы жылдың 1-шілдесіне дейін парламенттен өткізіп үлгеруге мүдделі» деп атап өтті.