«Морт кетіппін…». Илья Ильин әйелімен не үшін ажырасып жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Морт кетіппін…». Илья Ильин әйелімен не үшін ажырасып жатқанын айтты

«Морт кетіппін…». Илья Ильин әйелімен не үшін ажырасып жатқанын айтты

Атақты ауыр атлет Илья Ильиннің өмірі бір жыл ішінде быт-шыт болды. Алдымен допинг дауына қалды, екі Олипиаданың алтынынан айырылды, рекордтары өшті. Сосын спортшы әйелі Наталья Кулаковамен ажырасып, үлкен күйзеліске түсіпті. Жындыханадан бірақ шыға жаздаған екен.

  • 6 Тамыз 2018
  • 420
Фото - Caravan.kz

Men’s Health журналына сұхбат берген Ильин бәрін айтыпты.

«Бір жылдай болды, әйеліммен бөлек кетістік. Енді міне, қағаз жүзінде ажырасып жатырмын. 12 жыл бірге болдық, қызым өсіп келеді. Өте ауыр сынақтар басыма бірінен кейін бірі шүйлігіп, шыдай алмадым. Морт кетіппін. Депрессияға ұшырап кеттім. Бұрын әйелім екеуміз көп қиындықты бірге жеңетінбіз. Ол да енді мүмкін емес. Маған да ауыр, әйеліме де ауыр болды. Қатты ұрсысып қалдық.

Ажырасам деп сотқа бердім. Бәрібір ажырасуым керек. Қатты өкпеледім. Әлі өкпелімін. Қазір сөйлеспейміз, тіпті әлеуметтік желіде де бір-бірімізді көргіміз келмейді.

Қызымыздан басқа ештеңе қалмады арамызда. Тым бөлек адамдар екенбіз.

Ол мені қызғанды ғой, қатты. Не істеймін? Жаттығу жасаудан да жалығып, ішіп кеткен кездерім де болды.


Әйеліме менің атақты адам болғаным ұнамаған шығар. Мысалы, киноға бірге барсақ, жұрт менімен суретке түскенше ол мені 15 минут күтіп қалатын. Негізі әйелді еркек күтуші еді ғой. Мен жұртқа қалай отказ беремін, селфи жасайық деп тұрса.Жаман ыңғайыссыз болатын, әйелім мен қызымның алдында.

Жаз қиын болды. Заңгерлермен Швейцарияға бардым. Басым сол кезде қатты ауырды. Қазір де күйзелісте жүрмін.Денсаулығым тым нашарлап кетіп еді – психиатриялық диагноз қоя жаздаған маған. Екі сөздің басын қосып сөйлей алмай қалдым ғой тіпті.

Қазір енді шүкір, түзеліп келемін. Әлі бұрынғы қалпыма келермін», —

депті Илья Ильин.

Соңғы жаңалықтар