Мосулдан ИШИМ-нің өз қылмысын бүркеген «пәтуәлары» табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мосулдан ИШИМ-нің өз қылмысын бүркеген «пәтуәлары» табылды

Мосулдан ИШИМ-нің өз қылмысын бүркеген «пәтуәлары» табылды

Мосул шаһарын ИШИМ лаңкестерінің қолынан азат ету барысында олардың «пәтуалары» жазылған парақшалар табылған. Қала маңында қаза тапқан содырлардың қалтасында жүрген «құжаттарында» олардың өз қылмыстарын «заңдастырып» алғаны әшкереленіп отыр.

  • 4 Қараша 2016
  • 679
Фото - Caravan.kz

Пәтуалардың көбісі олардың күнделікті өмірлеріне қатысты шығарылған. Атап айтқанда, сақал өсіру, дәрет алғанда аяқты жуу мәселесі және басқа тұрмыстық пәтуалар жазылған.

Сондай пәтуалардың бірінде содырлардың «күңдерімен» қандай қатынас жасауға да құқығы барын екендігін бекітілген.

Айта кетейік, бұған дейін табылған «пәтуаларының» бірінде ИШИМ-діктерге тұтқынға түскендердің дене мүшесін «мұсылмандардың өмірін сақтау үшін» алуға рұқсат еткені әшкереленген болатын. Алланың қаһарынан қорықпаған жауыздар, тіпті, ол үшін тұтқындарды өлтіруге де болады деген.


Соңғы жаңалықтар