Қ. Қоңырбаевтың қызметінен кеткені жөнінде ресми емес ақпараттың шығуына байланысты агенттік ресми түсініктеме алу үшін Алматы әкімдігімен хабарласты. Атап айтқанда, рұқсат құжаттарынсыз салған және Қ. Қоңырбаевтың пайымдауынша бұзылуы қажет деп табылған «Атамекен құрылыс» компаниясының 21 қабатты тұрғын үйі айналасында шыққан даумен Қ. Қоңырбаевтың қызметтен кетуі байланысты емес пе деген сұраққа әкімдік жоқ деп жауап берді.
«Қ. Қоңырбаев өткен аптада шынында да қызметтен кетуі жөнінде арыз жазды. Оның отставкасын кейбіреулер 21 қабатты үйдің бұзылуымен байланыстырғысы келеді. Менің ойымша, мұның тікелей байланысы жоқ. Тек ол адам өз қызмет орнын ауыстырғысы келген», — деп мәлімдеді қоғаммен байланыс басқармасының директоры Сергей Куянов.
С. Куяновтың айтуынша, қала әкімі Ахметжан Есімов Қ. Қоңырбаевтың арызына қолын қойып қойған. Енді департамент директорының міндетін уақытша Қ. Қоңырбаевтың бұрынғы орынбасары атқаратын болады. «Департаменттің жаңа басшысының есімі таяуда мәлім болады», — деп сөзін түйді С. Куянов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті