Муаммар Каддафи Халықаралық шахмат федерациясының төрағасы Кирсан Илюмжановпен шахмат ойнады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Муаммар Каддафи Халықаралық шахмат федерациясының төрағасы Кирсан Илюмжановпен шахмат ойнады

Муаммар Каддафи Халықаралық шахмат федерациясының төрағасы Кирсан Илюмжановпен шахмат ойнады

Ливия телеарнасы жексенбі, 12 маусым күні ел басшысы Муаммар Каддафи мен Халықаралық шахмат федерациясының төрағасы Кирсан Илюмжановтың кездесуін көрсетті,

  • 13 Маусым 2011
  • 343
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады РБК агенттігі.

«Әл-Жамахирия» мемлекеттік телеарнасы К.Илюмжнов пен М.Каддафи шахмат ойнап отырған бейнекадрларды көрсетті.

«Кездесу барысында Ливия басшысы, «сырттан жасалып жатқан қысымға қарамастан» елді тастап кетпейтіндігін мәлім етті. Осындай мәлімдеме жасалғанын К.Илюмжанов та кейіннен растады», — деп хабарлады «Азаттық» радиосы.

Халықаралық шахмат федерациясының президенті елдегі шахмат спортын дамытудың перспективасын талқылау үшін Ливияға ресми сапармен келген болатын. К.Илюмжанов сондай-ақ Каддафидің үлкен ұлы, Ливияның Ұлттық олимпиадалық комитетінің жетекшісі Мұхаммед Каддафимен де кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, Ливия қазір отқа оранып отыр. 2011 жылдың ақпан айында басталған азаматтық соғыс елді екіге бөліп отыр. Елдің батысы — Муаммар Каддафиді жақтаушылардың қарамағында болса, шығысы — көтерілісшілердің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар