Жарияланды: 660

Мүгедектер арасындағы аймақтық сұлулар байқауына Ақтөбе облысынан алты ару қатысады

Алдағы аптада Атырауда өтетін мүгедектер арасындағы аймақтық сұлулар байқауына Ақтөбе облысынан қозғалыс жүйесінде ақауы бар алты ару қатысады. Байқауға жолдама алған Виктория Квашаның KZ-today тілшісіне хабарлауынша, сұлулар сайысына Ақтөбеден жұлын тұтасы жарақаттанған 6 қыз қатысқалы отыр.

"Арба мінген арулар" атты бұл байқау Махамбет Өтемісовтың 200 жылдық мерейтойына арналады. Сондықтан оған қатысушылар қазақтың батыр ақынының өмірі мен шығармашылығынан хабардарлық деңгейін қазылар алқасының алдында паш етуге тиіс. Сондай-ақ, байқауға қатысушы арулар шаш жөндеу және киіну өнерінен қабілет сынасып, бір үй тапсырмасын орындайды. Осындай байқау елімізде биыл екінші мәрте өткізілгелі отыр. Тағдырдың тәлкегімен арбаға таңылған ару қыздар арасындағы алғашқы сұлулық байқауы осыдан 4 жыл бұрын Ақтөбеде өткен болатын. Бұл байқауды ұйымдастыруға сал ауруына шалдыққан азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық қоғам мұрындық болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть