Мүгедектердiң мемлекеттiк қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуына жағдай жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедектердiң мемлекеттiк қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуына жағдай жасалады

Мүгедектердiң мемлекеттiк қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуына жағдай жасалады

Мүгедектердiң мемлекеттiк қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуына жағдай жасалады.

  • 30 Маусым 2014
  • 349
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгiн "Кедергiсiз келешек" жобасына қатысты өткiзiлген селекторлық жиында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек мәлiм еттi. 

"Мүгедектердi мемлекеттiк қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа алу көрсеткiшiн арттыру қажет. Мәселен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Байланыс және ақпарат министрлiгiнде олардың үлесi 2 пайыздан асады. "Парасат" ұлттық холдингiсiнде — 1,5 пайыз. Ал қалған мемлекеттiк органдарда, ұлттық холдингтер мен компанияларда — 0,2-ден 0,8-ге дейiн ғана. Менiң ойымша, бiлiмi жоғары мүгедек жандар мемлекеттiк органдарда қызмет етулерi тиiс. Партия осы iспен айналысады", — деп атап өттi Б. Баубек.