Мүгедектік алған әзілкеш Бауыржан Ибрагимов жақын арада татамиге шығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедектік алған әзілкеш Бауыржан Ибрагимов жақын арада татамиге шығуы мүмкін

Мүгедектік алған әзілкеш Бауыржан Ибрагимов жақын арада татамиге шығуы мүмкін

Қазақстандық әртіс сахнадан көрінбей кеткенімен қазір спортпен белсенді айналысып жүр.

  • 2 Сәуiр 2018
  • 127
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық әзіл-сықақшы Бауыржан Ибрагимов сахнадан алыстап кеткенімен, жақында татамиге шығуы мүмкін. Себебі әртіс қазір спортпен белсенді айналысып жүр. Бұл туралы Бауыржан Ибрагимовтың өзі "Хабар" арнасында тұсауы кесілген "Таңғы хабар" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Жас кезімнен спортпен шұғылдандым. Ауылда жүргенде атқа мініп, көкпар шаптық. Алматыға оқуға түскеннен кейін, менің алдымда Бақытжан деген ағам бар. Ол спорт шебері еркін күрестен. Сол мені қоймай күреске алып барды. Сөйтіп Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аманжол Бұғыбаевтың қолында біраз тренировка жасадым", – деді Бауыржан Ибрагимов.

"Сізді рингтен, татамиден көріп қаламыз ба болашақта?" деген телжүргізуші Нұрсұлтан Құрманның сұрағына сықақшы Ибрагимов "бәрі де мүмкін" деп жауап берді.

"Бір нәрсе бір нәрсеге сеп болып жатады ғой. 2002 жылы мойнымнан грыжа шығып, Серік Ақшолақов операция жасаған болатын. Өте ауыр операция болды…Содан кейін сол ауруханадан мүгедектік берген", – деді Бауыржан Ибрагимов.


Әртіс осы аурудан да спорттың көмегімен айыққан көрінеді.

Қазір Бауыржан Ибрагимов аптаның 5 күнін спорт залда өткізеді екен.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте "зорланды" деген баланың адвокатына қатысты сот басталды

Шетелдегі қандастарды тегін грантпен қамтамасыз ету үшін ХБО мен ДҚҚ меморандумға қол қойды

 

Соңғы жаңалықтар