Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 27%-ға артады - Б.Сапарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 27%-ға артады - Б.Сапарбаев

Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 27%-ға артады - Б.Сапарбаев

Алматыда өтіп жатқан ұстаздардың тамыз кеңесі барысында

  • 21 Тамыз 2015
  • 1208
Фото - Caravan.kz


ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрделі экономикалық ахуал жағдайындағы оқытушылардың материалдық жағдайы жайлы айтты. 

«Өздеріңіз кеше естігендей, ҚР Мемлекет басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан жалақы деңгейін көтеру туралы айтып жүрген еді. Енді инфляциялық таргеттеуінен соң президент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2016 жылдың қаңтарынан көтеруге тапсырма берді. Жалақы оқытушының біліктілігіне байланысты шамамен 27%-ға артады»,- деді Б.Сапарбаев.
Оңтүстік астананың ұстаздар қауымы аталған жаңалықты қуана қабылдады. 
Сондай-ақ, шара барысында премьер-министрдің орынбасары мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы, апатты және үш маусымды мектептердің жою, жаңа балабақша нысандарының құрылысы туралы да тілге тиек етті.