Мұқағалидың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұқағалидың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды

Мұқағалидың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды

Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті.

  • 9 Ақпан
  • 7
Фото: Мalim.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.

Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

Әннің премьерасы «Qazaq Radiosy» және «Shalqar Radiosy» радиостанцияларының эфирінде орындалды.

Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.