Мұхамедиұлы ісі: мемлекетке 7 млрд теңге шығын келген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхамедиұлы ісі: мемлекетке 7 млрд теңге шығын келген

Мұхамедиұлы ісі: мемлекетке 7 млрд теңге шығын келген

Мұхамедиұлыны қамауда ұстау мерзімі осы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды

  • 26 Тамыз 2022
  • 29
Фото - Caravan.kz

 Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын сомасы 7 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Антикор.

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

"Тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде", — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК, "Қазақ энциклопедиясы" АҚ және "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС-ын заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Антикордың мәліметінше, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.


Мұхамедиұлыны қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, яғни осы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Тергеу жалғасуда.

Еске салсақ, осы жылы 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынған болатын. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ желіде өзінің қамауға алынатынын білген соң, Арыстанбек Мұхамедиұлы тамырын кесті деген ақпарат тарады. Бірақ оның баспасөз хатшысы экс-министрдің өзіне қол жұмсамақ болғанын жоққа шығарып, ол аяғындағы жарақатына байланысты ауруханаға түскенін айтты.

Айта кетері, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды. Бұған дейін бес жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған.

Соңғы жаңалықтар