Мұхамедиұлы Олимпиада жүлдегеріне пәтер неліктен берілмей жатқанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхамедиұлы Олимпиада жүлдегеріне пәтер неліктен берілмей жатқанын түсіндірді

Мұхамедиұлы Олимпиада жүлдегеріне пәтер неліктен берілмей жатқанын түсіндірді

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға бір бөлмелі пәтер неліктен берілмей жатқандығы белгілі. Оған бюджет қ

  • 20 Ақпан 2017
  • 432
Фото - Caravan.kz

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға бір бөлмелі пәтер неліктен берілмей жатқандығы белгілі. Оған бюджет қаржысын бекітудегі заңдық мәселелер себеп болуда. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетсек, еркін күрес шеберіне Оралдан бір бөлмелі пәтер өткен жылдың күз айында берілуі тиіс еді. Алайда, жергілікті билік спортшыға уәде берген пәтерін көрсеткенімен қажетті құжаттарын әлі күнге дейін рәсімдеген емес. «Жаңа ережеге сәйкес тұрғын үй мәселесі жергілікті атқарушы органға тиесілі. Яғни, баспананы әкімдіктер береді. Батыс Қазақстанда ғана шешілмеген мәселе бар. Біздің олимпиадашыларымыздың барлығы да пәтерлерін алды, тек Ларионова ғана қалды. Біз әкімдіктермен тығыз байланыстамыз, олар заңдық мәселесін шеше алмай жатыр. Іс жүзінде пәтер бар. Бірақ, баспанаға бөлінген қаржыны заңдастыру қажет», — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Министрдің сөзіне қарағанда, өзге өңірлердің әкімдері спортшыларымызға берілген пәтерлерді демеушілердің қаржысы есебінен сатып алған. Ал Батыс Қазақстанда Олимпиада жүлдегерін баспанамен қамтамасыз етуге бюджет қаржысы қажет болып отыр. Ал бұл қаржының бөлінуі қатаң бақылауға жатады. «Оған пәтер беріледі, міндеттемеден ешкім бас тартып отырған жоқ», — деді Мұхамедиұлы.



 

Соңғы жаңалықтар