Мұхамеджан Тазабек Арон Атабек туралы: Ол кісіні танымаймын, білмеймін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхамеджан Тазабек Арон Атабек туралы: Ол кісіні танымаймын, білмеймін

Мұхамеджан Тазабек Арон Атабек туралы: Ол кісіні танымаймын, білмеймін

"Talim tv" арнасының басшысы Мұхамеджан Тазабек журналист Аман Тасығанның "Talklike" бағдарламасына сұхбат беріп, сұхбат барысында Арон Атабек туралы өз ойын айтты.

  • 20 Желтоқсан 2021
  • 868
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Talklike" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол кісіні танымаймын, білмеймін. Білмейтін адам туралы не жазамын? Мен ол кісіні білмеймін. Ол кісі жайында терең қарап көрген адам емеспін. Бірақ, Мұхан Исахан деген үлкен дін ғалымы бар, Нұр-Мүбәракта сабақ береді. Сол кісі ғана маған оның толыққанды кім екенін, қай жақта туғанын, Ресейде қалай туды, әкесі кім болды, Рашид деген ағасы болғанын, оның да бір кездері ұлттық мүдде жолында жұмыс жасағандарын осы Мұхан Исахан бауырымнан ғана естідім. Басқа жерде сұғынып, іздеген жағдайым жоқ", — деді Мұхамеджан Тазабек.

Сұхбат барысында Мұхамеджан Тазабек Арон Атабекті бүгін батыры ма, жоқ па оған байланысты да өз ойын айтты.

"Білмеймін. Батыр да, батыр емес те деп айта алмаймын. Нақты көзім жетіп, араласып, оның қасиетін көзімді жеткізбеген жерде пікір білдіре алмаймын", — деді Мұхамеджан Тазабек.

 

Соңғы жаңалықтар