Жарияланды: 4600

Мұхамеджан Тазабеков Қонаевпен түскен суретіндегі үшінші адамды неге бояп, өшіріп тастаған

Мұхамеджан Тазабеков Қонаевпен түскен суретіндегі үшінші адамды неге бояп, өшіріп тастаған

Соңғы кезде даулы мәселеге айналған "Тәлім трендтің"  жүргізушісі Мұхамеджан Тазабектің Қонаевпен түскен суретіне қатысты тағы бір мәселенің ұшы шықты.   

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш оның Қонаевпен бірге түскен суретінде үшінші адамды бояп, өшіріп тастағанын жазды әрі түпнұсқа суретті жариялады. Онда расында да белгілі тұлға Дінмұхамед Қонаевтің жанында тағы бір үшінші адам тұр. 

Бұл туралы журналист желідегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

"Тазабековтың тағы бір манипуляциясы

Дина мен Мұхамеджанның бірге түскен суреттің сыры белгілі болды. Енді мынаған қараңыз.

Бірінші сурет Мұхамеджанның фейсбуктегі парақшасынан алынды. Мұнда екі-ақ адам. Қонаев пен Тазабеков. Ал екінші суретте үш адам. Оригиналы осы сурет. Бірақ Мұхамеджан өзіндегі суреттен үшінші адамды бояп, өшіріп тастаған. Оны бұрын, жас кезінде жасаса түк емес қой. Фейсбуктың шыққанына 7-8 жыл болды. Яғни, санасы әбден толысқанда елді топас санап отыр! Енді осындай өтірікші ұлттық арнадан өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай қып бәрімізге ақыл айтпақшы!

Пысы: Мәулен Әшімбаев кешегі марапатты Мұхамеджанның осындай өтіріктері үшін берген шығар?)", деп жазды Тоқтар Жақаш.  

 
2 - түнұсқа сурет

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін