Мұхамеджан Тазабеков Ұлттық арнада жаңа бағдарламаның жүргізушісі атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхамеджан Тазабеков Ұлттық арнада жаңа бағдарламаның жүргізушісі атанды

Мұхамеджан Тазабеков Ұлттық арнада жаңа бағдарламаның жүргізушісі атанды

"Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков "Qazaqstan" Ұлттық арнасында жақында жол тартатын бағдарламаның жүргізушісі атанды.

  • 8 Қазан 2020
  • 170
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазының instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мұхамеджан Тазабеков Ұлттық арнаға отбасы құндылықтарын насихаттайтын, көрерменге берері бар бағдарлама әзірлеп жатыр екен. Соның ішінде ұл тәрбиесіне қатысты тұшымды пікір, келелі ой айттық", — деп жазды ол.

Тазабековтың Ұлттық арнадан бағдарламаға ашқанын білген журналист Дина Елгезек бұл іске қапалы. 

"Мұхамеджан Тазабеков ұлттық арнадан арнайы хабар ашыпты! “Асыл арнадан” ертелі кеш Бекболат екеуінің “лұғатын” тыңдайтынымыз аз еді. Енді күнде ұлттық арнадан Тазабековтың тәлімінен сусындаймыз", — деп жазды
Facebook
желісіндегі парақшасына.

Соңғы жаңалықтар