Мұхамеджанды қазір екінің бірі тиісе беретін "ұр-тоқпақ" болды" - Қанат Ескендір - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхамеджанды қазір екінің бірі тиісе беретін "ұр-тоқпақ" болды" - Қанат Ескендір

Мұхамеджанды қазір екінің бірі тиісе беретін "ұр-тоқпақ" болды" - Қанат Ескендір

Әлеуметтік желіде айтыскер ақын, қазіргі таңда коуч психолог Мұхамеджан Тазабектің көпшілік біле бермейтін қырларын айтып мақтады. 

  • 14 Тамыз 2023
  • 238
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қанат Ескендірдің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Мұхаммеджан — нағыз аға! 

Мұхамеджанды қазір екінің бірі тиісе беретін "ұр-тоқпақ" болды ғой.

Сол Мұхамеджан менің үйімде (ауылда) үлкен қонақ болған. Тұрымтайдай бала. Бірақ сөзі ірі болатын. Әкем марқұм қатты жақсы көріп кетті, Мұхамеджанды…

Қайбіржылы далада қалдым. Кәрі шешем, үш балам бар. Құрлыс бастап, өзім далада қалдым…(соққанда да көлемді етіп жатақхана соғып тастағам ғой)

Менің де есім дұрыс емес қой, Алматының ортасынан ойып тұрып үлкен құрлыс салдым. Қарызға белшеден баттым…

Бәйбішем күшейіп қояды, "Ағама айтайын, көмектеседі" деп… менің ағадан кенде емес екенімді біліп, әдейі айтып отырған сияқты…

"Мұхаға" деп бардым. — Аға-оу, далада қалғаным емес, келініңіздің сөзі өтіп кетті. Кісіге көзім түсіп, мөлйетін боп тұрмын, — дедім.
…мені жерге қаратпады ғой…

Үлкен құрлыстың ішінде Мұхамеджан бала құсап қуанып жүр. Дәп өзінің үйі салынғандай. Келіншегіне әр бөлмені көрсетіп, бала құсап құлдыраңдап жүр…

"Қанатжан, мынауың керемет қой, бізден не көмек?" дейді.

Мұхамеджан — сондай ұл. Қазақтың мықты-мықты ғалымдары мен талай журналистерін жерге қаратпаған жігіт. Айтыста айтып-айтып тастап, масайрап жүрген айтқыш емес.., "бір кетігіміз жабылсыншы" деп жамап жүрген ұл…


Өзіне салсаң, басын алып қашады. "Мұха, кімге көмек бердің?" десең, сенімен сөйлеспей қояды. Көмегін айтпайтын, адамшылығын жарияламайтын қазақ, бұл!..
….

Мұхағаммен арамыз бір жас. Алдына "Аға" деп барам, шын Аға болған адам.

Жасаған жақсылығын айтпайтын бір адамды көрсем, ол осы — Мұхамеджан Тазабек!", деп жазды. 

Мұхамеджан Тазабек те өзін мақтаған азаматқа ризашылығын білдірді. 

"Өмір ғой, көп нәрсе бола береді. Бүгін жек көргенімізді ертең мақтаймыз, бүгін табынғанымызды ертең даттаймыз. Ғасырлар бойы бір-біріне айдап салынған қазақтың сол бір қылығы бірден кете қойсын ба?!
Өсек пен ғайбатты, жала мен арандатуды ақиқат пен шындықтан ажырата алған кезде жеке тұлғаның да, қауымның рухани дамуы басталады…
Қазаққа өкпем жоқ. Өзі құшақтайды, өзі қатты қысады, кейде қабырғаңды санайды…
Халықтың батасымен елге танылдық, қайтқанша халықтың қызметіндеміз ғой", деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар