Мұхамеджанованың есімі Айшвария Раймен қатар тұратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхамеджанованың есімі Айшвария Раймен қатар тұратын болды

Мұхамеджанованың есімі Айшвария Раймен қатар тұратын болды

Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова әйгілі брендтің Қазақстандағы таныстырушысына айналды.

  • 9 Маусым 2016
  • 574
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ойнайтын рөлдеріне асқан талғампаздықпен қарайтын Қарлығаш Мұхамеджанова L’Oréal Paris брендінің Қазақстандағы таныстырушысына айналды.

Осыған дейін L’Oreal Paris брендін Наоми Уоттс, Джуллиана Мур, Ева Лонгория, Айшвария Рай сынды әлемдік деңгейдегі танымал жұлдыздар таныстырған болатын. Енді міне олардың қатарына Қарлығаш Мұхамеджанова да қосылды.

“Мен үшін бұл марканы әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қатар тұрып таныстыру – үлкен мәртебе. Жуырда біздің ортақ жұмысымыздың жемісін көретін боласыздар”, – дейді Қарлығаш Мұхамеджанова.


3872b137ce140c1ddc3958592a2

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары актрисаны құттықтап, шығармашылықта табыс тіледі. Мұнымен қатар, жарнама ролигінде емес, жаңа фильмде көруді асыға күтіп жүргендерін де айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар