Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы» атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхит Тұрсынов  «Қазақстан Барысы» атанды

Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы» атанды

Сенсацияға толы «Қазақстан барысы».  Жексенбіде, Астана төрінде дүркіреп өткен алыптар айқасында ешкім күтпеген тосын жәйттер көп болды. Былтырғы Барыстан бастап, бәйгені шаппай алады деп болжанған атақты палуандардың барлығының жауырыны жер иіскеді. Керісінше, осы уақытқа дейін көлеңкеде жүрген жастар нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Сөйтіп олар, қазақша күресте бастысы ауыр салмақ емес, күш пен икем екенін дәлелдеп берді. Осы басты ережеден ауытқымаған Шығыстың Ұланы Мұхит Тұрсынов қарсыластарын жаппай жығып, бас жүлдені қанжығасына байлады.

  • 1 Шiлде 2014
  • 324
Фото - Caravan.kz

Бұл палуандар өмірде дос болғанымен боз кілемде нағыз қарсылас. Сондықтан бәсекелестерінің әр қимылын тікелей эфирден бақылап отыр. Ал былтырғы «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров өзіне тым сенімді. Бірақ алғашқы кездесуін сәтті бастағанымен, екіншісінде жауырыны жер иіскеді.

Басты жүлдеден дәмелі үміткерді жыққан қызылордалық Руслан Әбдіразақовтың қуанышында шек жоқ. Ал не болғанын түсінбей есеңгіреп қалған «Шығыс Барысы» кейін жеңілгенін ашық мойындады.

Айбек Нұғымаров, «Қазақстан Барысы-2013» турнирінің жеңімпазы:

-Енді өзім жасаймын деп түсіп қалдым. Сол бағы жанып тұр екен бауырымыздың. Мен қателік жіберіп алдым.

Мұнымен сенсация біткен жоқ. Топ жарады деген атақты Бейбіт Ыстыбаевта жеңіліс тапты. Былтырғы қола жүлдегер 160 келі тартатын Жұманазар Ерсұлтанов та берінші белдесуден арыға аса алған жоқ.

Осылайша кіл мықты сүрінген алыптар айқасында бастысы салмақ емес, күш пен ептіліктің жеңіске жетелейтініне жанкүйерлер тағы көз жеткізді. Сонымен, финалда семейлік Мұхит Тұрсынов пен қарғандылық Асыл Бәрменов. 26 жастағы қос құрдас,ескі қарсыластар. Бір-бірінің айла тәсілін жақсы білгендіктен негізгі уақыт теңаяқталды. Бірақ қосымша уақытта Тұрсынов қарсыласының белдігінен көтеріп алып, кілем сыртына шығарып жіберді.Сөйтіп «Қазақстан барысында» жаңа есім анықталды. Жаңа жұлдыз жарқырады.


Мұхит Тұрсынов, «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жеңімпазы:

Бұл жеңісті көп күттім. Бірінші жылы қатысып сегізінші орын алып қалдым. Былтыр Бейбіт Ыстыбаевқа ұтылып қалған едім, екінші кездесуде. Биылда екінші кездесуде екеуміз шығып қалдық.Биыл былтырғы есемді қайтардым.  Қазақ айтады ғой ер кезегі үшке дейін деп. Үшінші рет бағым жанды.

Сонымен тура 6 сағатқа созылған қара күше иелерінің тартысында бас жүлдені иеленген Мұхит Тұрсыновқа алтын белбеу, алтын тайтұяқ пен 150 мың доллар табыс етілді. Екінші орын алған қарағандылық Асыл Бәрменовке 30, үшінші орынды қанжығасына байлаған қызылордалық Руслан Әбдіразақовқа 30 мың доллар сыйақы берілді. Ал жанкүйерлердің делебесін қоздырып, қазақ күресінің абыройын асқақтатқан доданың бас демеушісі «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Сондай-ақ, «Petro Kazakhstan», «Astana-Motors»,  «Sulpak» демеушілік көрсетсе, «Қазақтелеком» негізгі серіктес болды. Ал «Қазақстан барысының» ресми демеушісі «Kaspibank» екенін айта кетейік.