Мұхтар Әблязовтың жұбайы Қазақстанға заңсыз әкелінген - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әблязовтың жұбайы Қазақстанға заңсыз әкелінген

Мұхтар Әблязовтың жұбайы Қазақстанға заңсыз әкелінген

Италияның Жоғарғы соты осындай шешім шығарды. Атышулы қашқын банкирдің әйелі Алма Шалабаева бір жыл бұрын жалған төлқұжат жасатқаны үшін айыпталып, Қазақстанға экстрадицияланған еді. Кейін кішкентай қызымен бірге жеткізілген жарты жыл ешқайда кетпеу туралы қолхатпен Алматыда жүрді.

  • 1 Тамыз 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz


Ал, Шалабаеваның аяқ асты құқық қорғау орындарының қатаң бақылауымен Қазақстанға жеткізілуі Италияда үлкен шуға себеп болды. Жалған құжат жасатты деп айыпталған азаматшаны отанына әкетуге басты себеп күйеуі Мұхтар Әблязовтың заңсыз әрекеттері деген болжам да айтылды. Шудың өршігені соншалық, Италияның белді шенеуніктері Қазақстандық әріптестеріне хабар жолдап, Алма Шалабаеваның жазасын жеңілдетуді сұраған. Ақыр аяғында ол анасының үйін кепілге қойып қайтадан Римге аттанды. Барысымен Италияның ішкі істер министрлігі қарсы арыз жазған. Енді, міне, Италия Жоғарғы соты Шалабаеваның депортациясын заңсыз деп тапты. Қашқын банкирдің жұбайы осы шешімнің негізінде Италияның құқық қорғау орындарынан моральдық шығын талап етпек.