Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбе облысының имамдарымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбе облысының имамдарымен кездесті

Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбе облысының имамдарымен кездесті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді, деп хабарлайды саяси ұйымның баспасөз қызметі.

  • 7 Маусым 2016
  • 333
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның облыстық филиалы ұжымымен жүздесті. Сонымен қатар, сапар аясында өңір имамдарымен кездесу болып өтті.

«Нұр ғасыр» мешітіндегі өңірдің діни жетекшілерімен кездесу барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары жазықсыз жандардың құрбан болуына әкеліп соққан терроршылардың әрекетін қатаң айыптады.

«Кісі өлтірген адамдарды ештеңемен ақтауға болмайды. Кез келген пендеге ғұмыр сыйлайтын да, уақыты келгенде оны алатын да бір Алланың өзі. Ендеше кісі өлтірген жауызды Құдайға қарсы шыққан қылмыскер деуіміз керек. Оларды мұсылман, тіпті адам деп айтуға да болмайды», — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Айта кетейік, аталған шараға облыстың барлық аудандарынан келген 50-ден астам имам қатысты.


Соңғы жаңалықтар