Мұхтар Тайжан Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы: “Өте ақ көңіл, қазақи кісі” - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Тайжан Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы: “Өте ақ көңіл, қазақи кісі”

Мұхтар Тайжан Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы: “Өте ақ көңіл, қазақи кісі”

Белгілі экономист Мұхтар Тайжан бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы өз ойын айтты.

  • 17 Мамыр 2022
  • 1554
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Достар, мен Арыстанбек Мұхамедиұлын жеке жақсы танимын. Үйінде қонақ болдым, дастархандас болдым, отбасын білем, балаларын көрдім. Өте қазақи кісі, қазақи отбасы, өзі де ақ көңіл адам. Кездескенде қазақтың тарихы туралы көп әңгіме құрғанбыз.

Жеке қарым қатынасқа қарамастан Заңның алдында бәріміз тең болуы тиіспіз, ол менің қағидам, білесіздер. Дос болсын, туыс болсын — әр ҚР азаматы Заңның алдында бірдей.


Менің Арыкеңе бүгінгі таңда тілегім — жансақтау бөлімінен аман есен шықсын. Сосын соттың алдында өзі ақ екенін дәлелдей алсын", — деп жазды ол.

 

Соңғы жаңалықтар