Мумбай қаласында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мумбай қаласында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты

Мумбай қаласында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты

Үндістанның Мумбай қаласында қатарынан үш жарылыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

  • 14 Шiлде 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz

21 адам қаза тапты, 113 адам жарақат алған, деп хабарлады Махараштра штатының басшысы Притхвирадж Чаван. Ол үш жарылысты «үйлестірілген лаңкестік шабуыл» деп атады.

Жарылыс кешкі қарбалас кезінде, жергілікті уақыт бойынша шамамен 19.00-де Зевери Базар, Опера Хаус және Дадар аудандарында болған. Полиция берген дереккөзге сілтеме жасала отырып, қолдан жасалған жарылғыш заттар жарылған деген ақпарат тарауда.

2008 жылы Мумбай қаласында 174 адам, соның ішінде 28 шетел азаматы көз жұмған үлкен жарылыс жасалған еді. Ол жылы лаңкестердің шабуыл жасаған орындары ретінде теміржол вокзалы, екі қымбат қонақүй мен еуропалық мәдениет орталығы таңдалып алынған.

Делидегі Би-Би-Си тілшісі Соутик Бисвастың хабарлауынша, үш жарылыс болған Мумбайдың үш ауданы адамдар ең көп жиналатын орындар болып табылады.

Завери Базар — зергерлік дүкендерімен белгілі базар ауданы. Қаланың бұл ауданы бұрын да шабуылға ұшыраған. 1993 жылы бұл жерде жарылыс жасалып, 17 адам қаза тапқан, 57 адам жарақат алған.

Бұл ауданға жақын жерде орналасқан Опера Хаус ауданы — іскерлік аудан, ал Дадар ауданының орталығында Мумбайдың қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсететін вокзалы орналасқан.

Соңғы жаңалықтар