Мүмкіндігі шектеулі балаларға тосын сый жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүмкіндігі шектеулі балаларға тосын сый жасалды

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тосын сый жасалды

Балаларға базарлық! Астанада мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға тосын сыйлықтар жасалды! Сәбилер бір сәт те болса балалықтың базарын сездірген қонақтарды да құр алақан жіберген жоқ. Өздері жасаған бұйымдардан тарту етті. Айта өтейік, шара 2 жылдан бері «КТК» арнасы қолға алған «Сәбимен шаңырақтың сәні кірер» атты жоба аясында ұйымдастырылып отыр.

  • 15 Қазан 2013
  • 702
Фото - Caravan.kz

Бұл балалардың әрқайсысы да ерекше туылған. Шетінен талантты, талапты. Біз оларды «Мүмкіндігі шектеулі» деп атағанымызбен, олар «мүмкін емес дүниелерді» жасап жүр. Өнердің қыр-сырын меңгерген. Мысалы, міне, мына қыз бала өзі жасаған гүлді мектепке келген қонаққа сыйға тартып жатыр.

Бұл арнайы түзету мектеп-интернатындағы балалардың басым бөлігі аутизм, Даун синдромы мен церебральды сал ауруына шалдыққандар. Бірқатары бұл мектепке сырқаттарынан емделуге келеді. Араларында тұл жетімдері де бар.

Ғалия Қаражығаева, мектеп-интернат директорының орынбасары:

Бізді бір қинайтын мәселе бар: осы жетім балалар мектепті бітірген соң еш жерге оқуға түсе алмайды. Не колледжге бара алмайды, не жұмысқа тұра алмайды. Қоғамға керексіз болып қалады.

Балалар үшін шырылдап жүрген ұстаздардың сөзі бұл. Әр бала өз отбасында тұрса, қоғамда мұндай проблема болмас еді дейді. Ана мен әке, ата мен әженің аялы алақанын көрмей өскен балалар үшін бір ауыз жылы сөздің өзі ауадай қажет екендігін біледі ұстаздары. Олар үшін түрлі шараларды да ұйымдастырып, сыйлықтарды жиі ұсынатыны да сондықтан.


Мәдина Бәкиева, «Дара» қоғамдық қоры Астана филиалының директоры:

Жас деңгейлеріне де қарамастан әр бала өзінше бір әлем. Әрқайсысының өзінше бір қызығушылықтары бар. Тіпті, тең білім алғылары келеді. Бастысы, өмір сүруге талпынады.

«Сәбимен шаңырақтың сәні кірер» жобасы тағы 200-ге тарта баламен қауышты, бұл жолы. Қонаққа келген аға-апалары бүлдіршіндер үшін нағыз мейрам жасады. Мектеп дәлізі бір сәтке болса да тәтті сыйлыққа толды. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 37 мың жетім бар екен. Олардың жартысынан көбі отбасы жағдайында өсіп келе жатқанымен, мемлекеттік мекемелерде шамамен 13 мың бала қалып отыр.