"Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысты жан тәнімен беріліп істейді" - әлеуметтік кәсіпкер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысты жан тәнімен беріліп істейді" - әлеуметтік кәсіпкер

"Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысты жан тәнімен беріліп істейді" - әлеуметтік кәсіпкер

Қоғамда жалпы кәсіпкерлікке жақсы көңіл бөлініп жатыр. Соның ішінде ерекше қолдауды қажет етіп тұрған сегмент – әлеуметтік кәсіпкерлік саласы. Өйткені бұл жерде бірінші орында пайда табудан бұрын әлеуметтік саланы дамыту, түрлі әлеуметтік топты жұмыспен қамту мәелесі тұрады.

  • 24 Ақпан 2023
  • 149
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік кәсіпкер бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік беріп, сол жандарды жұмыспен қамтиды. Сондай адамдардың бірі блогер әрі әлеуметтік кәсіпкер Бибігүл Рамазан.

Ол мүмкіндігі шектеулі жандармен қалай жұмыс істеу қажет, қалай әлеуметтік кәсіпкер болу керектігін, бұл салада кездесетін проблемалар туралы ашып айтты.

Бұл жайлы Бибігүл Рамазан Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.

 — Алдымен жақында ашқан ісіңіз туралы айтып өтсеңіз. Әлеуметтік кәсіпкер болуға не түркі болды?

— 2017 жылдан бері Эмин Әскеров деген әлеуметтік кәсіпкердің тренингтеріне барып қатысып жүрдім. Эминнің үлкен кәсіпкерлігі бар. Ол аутистермен де, көзі көрмейтіндермен де, сотталып келгендермен де жұмыс жасаған. Себебі, ондай категориядағы адамдарды ешкім жұмысқа алмайды. Сол кезде осы салаға қызығып жүрдім. 2017 жылдан бері ыңғайын қалай келтіремін деп ізденіп, ізденіп биыл аштым. Туа бітті құлағы естімейтін, сөйлемейтін адамдар дейтін болсақ. Мысалы, арбада отырған бірақ құлақтары естиді, сөйлейді. Олар сауатты болады, өз құқықтарын талап ете алады екен. Көзі көрмейтін адамдар құлағы еститін болғандықтан олар өз құқықтарын біледі екен. Мысалы, жаңалықтар тыңдайды дейтін сияқты. Ал ең әлсіз, өз құқықтарын білмейтін сөйлей алмайтын, құлағы естімейтін адамдар екен. Әлеуметтік осал топтардың ішінде ең қиын болған осылар. Бұл адамдарды ешкім жұмысқа алмайды екен. Мұндай адамдарды көше сыпыру мен еден жууға, жүк тасуға ғана алады екен.

— Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу бастапқыда қиын болған жоқ па?

— Мен қазір бұл адамдармен жұмыс істеп үйреніп кеттім. Қазір оңай, олармен қағазбен жазып сөйлесеміз. Олардың қасында менің сіңлім күнде тұрады, сіңлім қолымен сөйлеуді, бәрін түсінеді. Ол барлығын түсініп кетті. Ал мен оларды қағаз арқылы түсінемін, олар барлығын айтып береді. Ең бастысы жасаған жұмыстары өздеріне қатты ұнайды. Қарап отырып, "балаларым қандай еңбекқор" деп отырамын.

— Басшы болғаннан кейін талапшыл болатыныңыз анық. Жұмыс істеп жатқан жандардың көңілдеріне алып қалатын жағдайлар орын алған жоқ па?

— Жоқ, мен ондай адамдарды көп аяушылықпен қараймын. Мен кеше аспазға "балаларға тамағын істеп, таңғы ас, түскі ас бер" десем, ол аспаз маған "мына азық-түліктерге есеп жасауымыз керек" дейді. Мен оған "әзірге бізде қазақша бизнес" дедім. Мен әлі олай ұрысып көрген жоқпын. Көңілдеріне тиетін жағдайлар жасаған жоқпыз. Керісінше, кәсіпкерлігіміз жақсы дамып жатыр деп ойлаймын. Ең бастысы, мұндай жандар жұмысты жан-тәнімен беріліп жасайды.

— Әлеуметтік кәсіпкерлік әдеттегі бизнестен немен ерекшеленеді?

— Әдеттегі бизнесте дені сау адамдармен жұмыс істеп, тіл табыса алмай жатады ғой. Ал бұл адамдардың барлығы іште күйзелісте, мұндай адамдардың да несиелері бар екен. Өте қиын, қиыншылығы бар адамдар. Өткенде бір баламыз есін жоғалтып, талып қалды, сол кезде қорқып кеттік. Бұл адамдар сөйлей алмайды, эмоцияларын шығара алмайды, мүмкін содан осылай болатын шығар деп ойлаймын. Әлеуметтік кәсіпкер деген — мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеп жүргендіктен олардың арасында кейбір ауыратын жандар болады екен. Сондықтан мен қазір бірінші кезекте денсаулығын сұраймын, тексерістен өткенін сұраймын. "Басқа жерің ауырмай ма" деген сияқты сұрақтар қоямын.


— Бүгінгі күні әсіресе осы бизнеске келгенде тренинг өткізу, курс ашу деген трендке айналы. Бұл істің де маманы бар, сіз қай тұлғадан үлгі аласыз?

— Қазақстанның түкпірін аралап Эмин Әскеров деген әлеуметтік кәсіпкер тренинг өткізіп жүр. Сол жігіттің тренингіне мен 6,7 рет қатыстым. Ол кісі жоғары жақта, билікке осындай мүгедек жандарға жұмыспен қамту туралы мәселені қозғап жүр. Мен осы тұлғадан әлеуметтік кәсіпкерлік тұрғысынан үлгі аламын. 

— Әлеуметтік кәсіпкер болуды ойлап, көздеп жүрген жандарға ақыл-кеңесіңіз болса?!

— Әлеуметтік кәсіпкер деген қазіргі таңда жаңа тренд. Біз де шетелдегідей кәсіпкерлер өз пайдасын ойласа, ал әлеуметтік кәсіпкерде екі есе жауапкершілік көп болады. Сол себепті әлеуметтік кәсіпкер болып жүрген жандарға айтарым бар. Бұл өте ауыр әрі жауапкершілігі мол сала. Барлық кәсіпкерлерді осы салаға бет бұруға шақырамын. Тек қана 12 мүшесі сау адамдарды емес, мүмкіндігі шектеулі жандарды да жұмыспен қамтыса екен деген тілегім бар.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Бибігүл Рамазан сұхбат барысында айтқандай әлеуметтік кәсіпкерлік, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуді көздейтін бұл іскерлік қоғамда жаңа тренд десе болады. Әлеуметтік кәсіпкерлік – қоғамда қа­лып­­тасқан әлеуметтік, экологиялық мә­се­ле­лерді шешуге бағытталған бизнес түрі.

Ол – әлемде кеңінен таралған ұғым бол­ға­ны­мен, Қазақстан үшін жаңа тренд. «Әлеу­мет­тік кәсіпкерлік» деп аталатын жеке ка­те­гория болмағандықтан, бизнестің бұл тү­рін сипаттайтын нақты статистика жоқ. Тек өткен жылы Gladway әлеуметтік бағ­дар­ламалар мен медиажобаларды дамыту қоры мен SAP ТМД компаниясының бірлескен зерт­теу жобасы аясында Қа­зақстан мен Ре­сейдегі әлеуметтік кәсіп­керлік ұғымының та­ралуы зерттелген. Көршілес мемле­кет­тер­ден 574 азамат қатысқан сауалнама нәтижесі бойынша сұралғандардың 39 пайызы «әлеу­мет­тік кәсіпкерлік» терминімен бір жыл бұрын ғана танысқанын айтқан. Бұл қос мем­лекетте 2016 жылдан бері әлеуметтік жо­баларды қолдауға бағытталған байқаулар жә­не стартап жарыстардың көбеюімен тү­сін­діріледі.

Соңғы жаңалықтар