Мұнай бағасы тағы да арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы тағы да арзандады

Мұнай бағасы тағы да арзандады

Астана уақытымен бүгін таңғы 11:30-да Брент маркалы мұнай бағасының құны 54,99 долларға дейін құлдырады.

  • 10 Қаңтар 2017
  • 357
Фото - Caravan.kz

Ал таңғы 03:00 де Лондон қор биржасында шикізат құны 23 желтоқсаннан бергі минимумға дейін арзандап, барреліне 54,78 долларға бағаланды.

Нәтижесінде, бүгін KASE-нің таңғы сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 332,64-ке дейін қымбаттады.

Ал кеше кешкі сессия қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 331,14 теңге болған еді.


Естеріңізге сала кетейік, осы аптада мұнай бағасы 57 долларға дейін жақындап, теңгенің бағамы 330-ға дейін түскен еді.

Соңғы жаңалықтар