Мұнай бағасы тағы түсе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы тағы түсе бастады

Мұнай бағасы тағы түсе бастады

Лондондық биржада  Brent  маркалы мұнайға баға жұма таңертең барреліне 65,31 долларға дейін түсті, деп хабарлайды Би-Би-Си. 

  • 8 Мамыр 2015
  • 470
Фото - Caravan.kz

Өткен дүйсенбіде мұнай бағасы алғаш рет өткен жылдың желтоқсанынан бастап барреліне 67 доллар деңгейін еңсеріп, жылдық ең көп деңгейге жетті.

Бұл баға түзетуді сарапшылар 2015 жылы америкалық тақтатас мұнайының көп  өндірілетіні жайлы  болжаммен  байланыстырады.

Ресей бюджетінің қолданыстағы редакциясына мұнай құны барреліне 50 доллар деп енгізілді. Бұл ретте энергоминистрлігі  Brent баррелінің орташа құны осы жылы шамамен 60 долларды құрайды деп болжайды.