Жарияланды: 510

Мұнай бағасы төтенше құлдыраған жағдайда да Қазақстанда бюджетті қысқарту жүргізілмейді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

Мұнай бағасы төтенше құлдыраған жағдайда да Қазақстанда бюджетті қысқарту жүргізілмейді. Бұл туралы бүгін, 30-қаңтарда ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "мұнай бағасы түскен және жалпы сыртқы дағдарыс белең алған жағдайда жалақы мен зейнетақының қазіргі қарқынмен өсуіне үміт артуға болмайды". Дегенмен, үкімет басшысының бірінші орынбасарының атап көрсетуінше, "қазір қысылтаяң шақта көмекке келетін Ұлттық қор да бар, сондықтан бюджетте қарастырылған қазіргі әлеуметтік төлемдер деңгейі толыққанды қамтамасыз етіледі". "Ұлттық қорды құрғанда дәл осындай мақсатты көздеген жоқпыз ба",- деді вице-премьер. Дейтұрғанмен, Г.Марченконың пайымдауынша, Қазақстандағы "әлеуметтік реформалар биылғы жылдың ішінде емес, алдағы бірнеше айда жүзеге асырылуы тиіс". "Бұл үлкен ауыртпалық болатыны анық, соған қарамастан оны тез арада жүзеге асыру қажет",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін