Ш. Хелильдің айтуынша, баррель құны өзінің тарихи ең жоғары деңгейіне жетіп $120 құрады, сол арқылы әлемдік экономикаға өзінің ауыртпалығын тигізді.
ОПЕК президенті хабарлағанындай, Алжир ұйымға АҚШ және Еуропалық Одақ мемлекеттерінің мұнайды шығару көлемін ұлғайту жөніндегі үндеуіне қарсылық көрсетуді жалғастыруды ұсынып отыр. Қара алтын бағасы өсуінің негізгі себептері- жаһандық саяси шиеленіс және доллар бағамының әлсіреуі деп атап өтті ол.
«Мұнай көлемін ұлғайту арқылы біз оның бағасын төмендете алмаймыз, өйткені сұраныс пен тұтыну арасында тепе теңдік болады және АҚШ -тың отын қоры соңғы бес жылда ұлғайды», — деп мәлімдеді Ш. Хелиль.
«АҚШ-тың экономикалық құлдырауы салдарынан және бірнеше мемлекетте орын алған әлемдік экономикадағы дағдарыстан бағалар көтеріліп, доллардың құнына әсерін тигізді. Әрбір доллар 1% төмендесе, мұнай баррелінің құны $4 өсті», — деп атап өтті ОПЕК президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті