"Мұнай табысы - халық бақылауына" атты үкіметтік емес ұйымдар коалициясының алғашқы есебінің таныстырылымы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұнай табысы - халық бақылауына" атты үкіметтік емес ұйымдар коалициясының алғашқы есебінің таныстырылымы өтті

"Мұнай табысы - халық бақылауына" атты үкіметтік емес ұйымдар коалициясының алғашқы есебінің таныстырылымы өтті

Атырау. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстандағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы" (EITI) атты екінші ұлттық конференцияда "Мұнай табысы - халық бақылауына" атты үкіметтік емес ұйымдар коалициясының алғашқы ұлттық есебінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 483
Фото - Caravan.kz

Құжатта 2007 жылдың маусымынан 2008 жылдың ақпаны аралығындағы Қазақстандағы EITI-ді жүзеге асыру үрдісі сараптамадан өткізіледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтеріне сүйенсек, Deloitte тәуелсіз аудиторлық компаниясының жұмыс нәтижесі бойынша үкімет пен өндіруші компаниялардың есептерінің арасында үлкен ауытқулар сомасы бар. Ол 4 пен 8 млрд теңге аралығында.

«Есептен көретініміз, компаниялар үкімет алатынға қарағанда жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін аз төлеп, үкімет алатынға қарағанда салықты көп төлейді», — деп түсіндірді коалиция өкілі С. Қуаныш.

«Бұл өзі қызық жағдай болып тұр. Өйткені, Deloitte өзінің есебінде тек 1,7 млрд және тағы бірнеше миллион теңге айырманы түсіндірсе, қалған 5 млрды түсіндірусіз қалып отыр», — деп атап көрсетті коалиция өкілі бірінші есептің нәтижелеріне түсінік беріп тұрып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті