Мұнайдың негізгі түрлерінің құны жұмадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай жоғарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайдың негізгі түрлерінің құны жұмадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай жоғарлады

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны жұмадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай жоғарлады

Мәскеу. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі түрлерінің құны жұмадағы сауда -саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай жоғарлады, деп хабарлайды агенттік "ОМТ-Консалт"тобы компаниясының таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 4 Мамыр 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

Лондонның InterContinental Exchange биржасында маусым айындағы келісім шартындағы солтүстік теңіз мұнайының бір баррель $4,06 жоғарлап $114,56 құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында келісім шарт бойынша маусым айында жеткізілетін техастың WTI жеңіл мұнайының баррель бағасы $3,80 көтеріліп $116,32 құрады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, «Солтүстік Ирактағы күрд жұмысшылар партиясына қарсы түріктердің әуе әскери күштерінің әскери іс қимылдары туралы ақпарат 1 мамырда мұнай нарығындағы бағалардың көтерілуіне әсерін тигізді». «Негізі мұндай жағдайлар алыпсатарлар үшін қара алтын бағасын көтеруге түрткі болады», деп санайды мұнай нарығының сарапшылары.

Сонымен қатар, «ОМТ-Консалт» мәліметтері бойынша, жұмада Ресейде мұнайды шығару көлемі азайтылады деп жарияланған ақпарат мұнай нарығына әсерін тигізді. «Ресейде мұнай өндіру көлемі қайта төмендеп, 18 ай ішінде ең төменге деңгейге жетті . Жылдық есеп-қисап бойынша оның өнімі 0,8 пайызға төмендеп, тәулігіне 9,72 млн баррель шығарылады. Сөйтіп, сәуірде мұнай өндіру көлемі 2008 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 0,4 % азайды», — деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті