Мұнайға бай Нигерияның жаңа президенті сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайға бай Нигерияның жаңа президенті сайланды

Мұнайға бай Нигерияның жаңа президенті сайланды

Нигерияда президент сайлауының ресми қорытындысы жарияланды. Африканың батысындағы мұнайға бай мемлекетті енді 72 жастағы Мұхаммед Бұхари басқармақ. Оппозияциялық партиядан шыққан үміткерге халықтың 54 пайызы сенім білдірген.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 187
Фото - Caravan.kz

Оның қарсыласы, бұған дейін ел президенті болған Гудлак Джонатанның жинаған дауысы — 45 пайыз шамасында. 57 жастағы Джонатан таққа 2011 жылы отырған болатын. Бұл жолы ол өзінің жеңілгенін мойындапты. Бақылаушылардың айтуынша, мұндай жағдай Нигерияда бірінші рет болып отыр. Жалпы, елдің шығысында орын алып жатқан тұрақсыздыққа қарамастан, сайлау әділ әрі қауіпсіз жағдайда өткен. Армия генералы Мұхаммед Бұхари 80-ші жылдары да Нигерияда төңкеріс жасап билікке келгенімен, көп ұзамай өзі де тақтан күштеп тайдырылған болатын. Мұнайға ең бай мемлекеттердің бірі болса да, халқы сіңірі шыққан кедей. Нигерияда діни алауыздық та өршіп тұр.