Мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген 37 адамды қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген 37 адамды қамауға алынды

Мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген 37 адамды қамауға алынды

Жексенбі күні Ақтауда полициясы ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген 37 адамды қамауға алды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

  • 6 Маусым 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылдың 5 маусымында шамамен 150 адам, негізінен «АрғымакТрансСервис» ЖШС-інің жұмыскерлері 28 ықшам ауданындағы автостанциядан Ақтау қ. Ынтымақ алаңы бағытында рұқсат етілмеген шеру ұйымдастырып, Қаражанбас кен орнындағы заңсыз ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылғандардың бәрін қайтадан жұмысқа алуды, Наталья Соколованы қамаудан босатуды талап етті… 37 адам ұсталып, полицияға жеткізілді», — делінген жексенбі күні таратқан прокуратураның хабарламасында.

Онда атап көрсетілгендей, «екі қатысушы К. Сисенбаев пен Е. Кәрімов бәрінің көзінше өздерін жарақаттау әрекеттерінен кейін облыстық ауруханаға жеткізілді. Оларға қажет медициналық көмек көрсетілді, екеуінің де денсаулық жағдайы қанағаттанарлық».

Хабарламада атап көрсетілгендей, Ақтау прокуроры Т. Әлібаев митингке шыққандарға «жергілікті атқарушы билік органдарының алдын ала рұқсатынсыз шеру өткізуге тыйым салатын заңды бұзуға болмайтынын түсіндіріп, үйлеріне тарауды ұсынды». «Алайда адамдар прокурордың заңсыз талаптарына бағынбай, заңсыз әрекеттерін жалғастырып, жолды жауып тастауға тырысқан», — делінген ақпаратта.

Осыған байланысты «ішкі істер органдарының қызметкерлері құқық бұзушылықты тыю мақсатында адамдарды көшенің көлік жүретін бөлігінен күшсіз ығыстыру шараларын қолға алды». Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылар полицияның заңды талаптарына қарсылық көрсеткен, осыған байланысты «полиция оларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін қамауға алу шараларын қабылдауға мәжбүр болды».

Полиция қызметкерлері заң бойынша берілген өкілеттіктері шеңберінде, қалыптасқан жағдайды ескере отырып әрекет етті, делінген прокуратураның хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, өткен аптада «Қаражамбасмұнай» АҚ мұнай өндіруші компаниясының, оның еншілес ұйымдарының 72 жұмыскері заңсыз наразылық акциясына қатысқандары үшін жұмыстан шығарылды.

Өткен Бейсенбіде Қаражамбас кен орнындағы ереуілге қатысушылардың саны 164 адамға дейін қысқарды. Мұнай өндіру көлемі біршама артты.

«Өзенмұнайгаз» компаниясында наразылық акциясына қатысушылардың саны өткен аптаның соңында 724 адамға дейін азайды, бұл негізінен технологиялық көліктердің жүргізушілері. Арнайы техниканың 52%-ы жұмысқа қатыспай жатыр. Компанияжұмысқа шығудан бас тартқандармен еңбек келісімшарттарын бұзып жатыр. Бүгінге дейін 62 адам жұмыстан шығарылды.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 17 мамырында мұнайшылардың рұқсат етілмеген ереуілі мен аштық шарасы заңсыз деп танылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 24 мамырда Түпқараған аудандық соты Н. Соколованы заңсыз ереуілді ұйымдастырғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін заңсыз әрекеттерін қайталағаны үшін 8 тәулікке қамалды.

Соңғы жаңалықтар