«Мұндайларды тайраңдатып қоюға болмайды»: Әнұран шырқалғанда отырып алған қос журналист елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мұндайларды тайраңдатып қоюға болмайды»: Әнұран шырқалғанда отырып алған қос журналист елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

«Мұндайларды тайраңдатып қоюға болмайды»: Әнұран шырқалғанда отырып алған қос журналист елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

Кешелі бері әлеуметтік желіде Парламенттегі жиында әнұран орындалып жатқанда, отырып алып, компьютер алдында жұмыс істеп жатқан қос журналистің видеосы тарады. Көпшілік оларды “Власть.кз” сайтының тілшілері Тамара Вааль мен Ирина Савостьянова екенін айтуда. 

  • 31 Наурыз 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Десе де халық қос тілшіні әнұранға құрмет көрсетпеді деп, зілді пікірлерін жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz.

Мәселен танымал журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің желідегі парақшасында былай деп жазған:

«Мына екеуі “Власть.кз” сайтының тілшілері Тамара Вааль және Ирина Савостьянова екен. Елдің әнұраны (!) орындалып жатыр. Елдің бәрі қолдарын кеуделеріне қойып, орындарынан тұрып тұр. Ал мына екеуіне Қазақстанның әнұранының қатысы жоқ екен!
Интернетті ашсаңыздар, бұл екі журналистің қазақ билігі туралы, елдегі саясат туралы кекетіп-мұқатқан небір материалдарын табасыздар. Өйткені екеуі де шетелден қомақты грант алады. Бір мақаласында қазақтарда патриоттық жетіспейді деп те айтқан. Өздері де ҚР азаматтары ғой, өздерінің патриоттықтары қайда енді? Бұндайларды тайраңдатып қоюға болмайды! Мына әрекеттері үшін шара көрілу керек! Мемлекеттік рәміздерді сыйламағаны үшін арнайы заң нормасы бар. Әкімшілік жазаға тартылуын талап етейік! Репост жасап, көптеп таратайық», — деп жазған.

Ал білікті медиаменеджер, қаламы қарымды журналист Серік Әбікенұлы журналистерді мұндай әрекеті үшін айыппұл төлетіп, жазалау керек екендігін мәлім етті.

«Шулайтын дәнеңе жоқ, осы Үкімет ұсынып, Парламент мақұлдап, биылғы қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 372 бабы күшейген. Республика рәмізін қорлаған адамға 3000 АЕК көлемінде (10 млн теңгеден аса) айыппұл салынады, немесе екі жылға бас бостандығынан айырады. Енді сол өздері қабылдатқан талапты өздері қалай орындататынын көрелік», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Желі қолданушыларының да пікірі аталған оқиғаға байланысты қақ жарылды. Олардың бірі тілшілер жұмысын жасап отыр деп жақтаса, енді бірі әнұран шырқалғанда тұрып, оған құрмет көрсету елдің әрбір азаматының парызы екенін айтуда.


«Нелеріңіз бар, жұмыс істеп отырған адамдарда? Не болды бізге жалпы? Басқа бас ауыртатын нәрсе қалмады ма?», «Дұрыс, жазалансын, айыппұл арқаласын. Бәрі тұрғанда, отыра беретіндей не болды сонша?», «Өкінішті әрине, балабақшадағы балаға дейін әнұран шырқалғанда қолын жүрегіне қояды», «Жұмыстары қауырт шығар, қайдан білесіздер?» деп жазды олар.