"Мұқаңды емес, еліріп, ерігіп жүрген біреуді көрдім": Мақатаевты сомдаған Азамат Сатыбалды көпшілікке неге ұнамай қалды? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұқаңды емес, еліріп, ерігіп жүрген біреуді көрдім": Мақатаевты сомдаған Азамат Сатыбалды көпшілікке неге ұнамай қалды?

"Мұқаңды емес, еліріп, ерігіп жүрген біреуді көрдім": Мақатаевты сомдаған Азамат Сатыбалды көпшілікке неге ұнамай қалды?

Бүгін, 9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. 

  • 9 Ақпан 2022
  • 3458
Фото - Caravan.kz

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали" атты телехикая жарыққа шықты. Телехикаяның өзі көпшілікке ұнағанымен, актер Азамат Сатыбалдының ақиық ақынды сомдағаны көпшілікке ұнамай қалған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі жазушы Ұларбек Дәлейұлы Азамат Сатыбалдының орнына, ақын Бақыт Беделхан рөлге жақсы келер еді деп жазды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Мұқаң туралы сериалды көрдім.
Былай, болады енді. Жоқтан жақсы ғой. Мұқаңның көзін көрмесек те, қатты сағынамыз. Алматыда жүрген кезімізде Мұқаң туралы бірге жүрген, іні немесе дос болған қаншама адамдармен әңгімелестік. Біраз нәрсеге қанықпыз, негізі.
Жалпы, сериалда сәтті тұстары мен қатар қателіктері де өріп жүр.

 Еркін Ібітанов пен Лашынның ролі жақсы таңдалып, сәтті шыққан екен.
Ұлықбек інісінің сюжеті әдемі қосылған.
Сахнаны өз дәуіріне сай жасауға еңбектенген.

Әттеген-айы:
Ең алдымен, Мұқаңның денесі актер Азаматтай екеу болған). Фильмдегідей жеңіл, ұшқалақ емес, қызыл шырайлы, адуынды, айбатты жігіт еді деседі бірге жүргендер.
Бақыт Беделхан ағамыз Нұрғисадан гөрі Мұқаңның роліне келер еді.
Мұқаңның соңына үш әріп сонша шам алып түспегенін көзін көрген замандастары біледі. Соңынан қалмай қоятын КНВ өкілі фильмді суыта түседі.
Өз дәуірінде Баукең мен Тоқаш Бердияровтың айбары, салмағы бұдан неше есе үстем болған.
Сілтеңкіреп жүріп, жоғалтып алған өлеңдері сол беті табылмай кеткен. Оны Сайлау деген біреудің ұрлап, жариялайтын жері қисынсыз.

Қазақ киносы ептеп даму кезеңінде", — деп жазды жазушы.

Бұл пікірді көріп жүрген желі оқырмандары да өз пікірлерін жарыса жазуда:


"Маған дым да ұнаған жоқ. Тым театралный. Әуезов театрының сахнасынан қойылым көріп отырғандай болдық. Одан да мықты деректі фильм жасай салу керек еді", "Ешкі көзденіп, еліріп, ентігіп жүрген біреуді көрдім… Мұқаңды емес", "Анонсын көріп, Азамат Сатыбалдыны Мұқағали деп қабылдай алмадым. Кастингпен жаңа актер табуға болушы ма еді?! Ышқына береді, даусы да ұқсамайды. Мұқағалидің ұлының (көзі тірі атаның аты кім еді?) өлең оқығаны тым әсерлі болып еді!",- деп пікірлерін білдірді желі оқырмандары.

Соңғы жаңалықтар