Мұрат Оспанов Қазақстанның мемлекеттік органдарының ресми блог-платформасы оқырмандарының сауалдарына жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұрат Оспанов Қазақстанның мемлекеттік органдарының ресми блог-платформасы оқырмандарының сауалдарына жауап беруде

Мұрат Оспанов Қазақстанның мемлекеттік органдарының ресми блог-платформасы оқырмандарының сауалдарына жауап беруде

Өткен бейсенбіде аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен тұтқындалған, оған дейін изоляторда отырған

  • 8 Шiлде 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік (ТМРА) төрағасы Мұрат Оспанов Қазақстанның мемлекеттік органдарының ресми блог-платформасы оқырмандарының сауалдарына жауап беруде.

М.Оспановқа соңғы сауал осы жылдың 1 шілдесінде жолданыпты, оған жауап кейінірек, 3 шілдеде жазылыпты. Өз хабарламасында ТМРА басшысы оқырманның сауалы Алматы қаласы бойынша аймақтық мемлекеттік агенттік департаментінің қарауына жіберілгенін айтқан. Мекеме төрағасы соларға тиісті тапсырма берілгеніне тоқталып, оқырманға жауапты сол жерден алатынын айтқан.

Бұған дейін хабарланғандай, сот ТМРА төрағасын тұтқындауға 2014 жылғы 3 шілдеде санкция берген болатын. Қаржы полициясы оған табиғи монополиялар субъектісіне қолдау көрсетті және мүддесін көздеді,сол үшін 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағып отыр.


Ол тергеу изоляторына қамалды.

М.Оспанов аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен 1 шілдеде ұсталған болатын. Бұдан бұрынырақ қаржы полициясы пара сомасы 200 мың доллар деген хабар таратқан еді.