"Мұрнымнан аққан қанды баскиіммен сүрттім": “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі соққыға жығылған сәтінен видео жариялады  - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұрнымнан аққан қанды баскиіммен сүрттім": “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі соққыға жығылған сәтінен видео жариялады 

"Мұрнымнан аққан қанды баскиіммен сүрттім": “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі соққыға жығылған сәтінен видео жариялады 

“Бес жыл бойы соққыға жығылдым” деп жан сырын ақтарған “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтінің видеосын көрсетті.

  • 14 Маусым
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрила Ақберен есімді блогер оқырмандарына жан сырын ақтарып, отбасылық өміріне қатысты өз шындығын айтты. Ол соққыдан кейін ауруханаға бара жатқан сәтін бөліскен.

“Мынау қан. Мұрным қатты қанады. Оны баскиіміммен сүрттім. Ернім мен мұрным ісіп кетті. Бетім ауырып тұр. Ол мені ұрды. Сосын кешірім сұрап, қазір мешітте намаз оқып жатыр. Қазір түрім осындай. Мұрнымды түсіріп, тексеріп көрейін деп келдік», – дейді Ғабит Бибасыұлының экс әйелі видеода. 

Сонымен қатар өзін “хайпер келіншек” деп қаралап жатқандарға жауап берді. 

“Маған хайп керек болса, ұрған кезінде шу шығаратын едім. Ажырасып жатқанда айқай салатын едім. Егер осы күнге дейін үндемей келсем, айтып жатқандарым өтірік деген сөз емес. Үндемегенімнің бір-ақ себебі бар – балаларым. Оларға әке керек, әкенің жылуы мен махаббаты керек. Қыздарына әке қорғаныш болмағанда, кім болады? Осы ойлармен ат жібін мен жақтан айқай-шусыз үзіскен едік. Осы уақыт аралығында қаншама жағдайлар болды, бірін де айтпадым, сенесіздер ме?”, – деп жан сырын ақтарды блогер. 

Еске салайық, «Енді ісім психолог сымақтармен болады» деп «Меломен» тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлы қол көтерді деп айыптаған әйеліне жауап берген еді.