Мусин "Яндекс GO" басшысынан такси жүргізушілерін жұмысқа алу схемасын өзгертуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мусин "Яндекс GO" басшысынан такси жүргізушілерін жұмысқа алу схемасын өзгертуді сұрады

Мусин "Яндекс GO" басшысынан такси жүргізушілерін жұмысқа алу схемасын өзгертуді сұрады

 

  • 18 Тамыз 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "Яндекс GO" басшысы Александр Аникинмен кездесіп, қызметте 150 мың қазақстандық жұмыс істейтіндіктен, жұмысқа алу ережелерін өзгертуді сұрады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Мусин Instagram-да еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова екеуі қатысқан жиын туралы сөз етті.

"Яндекс платформасында 150 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Бұл адамдар әлеуметтік қорғаудан шет қалады. Олар такси компаниялары арқылы тіркелетіндіктен, тиісті салықтар мен аударымдарды төлемейді. Мемлекет үшін осындай платформаларда табыс табатын азаматтарды қолдау шараларын әзірлеу маңызды.

Біз жүргізушілерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігін беруді ұсындық", — деді Мусин.


Соңғы жаңалықтар