Мусин YouTube Premium жайында: "Келесі жылы міндетті түрде қосамыз" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мусин YouTube Premium жайында: "Келесі жылы міндетті түрде қосамыз"

Мусин YouTube Premium жайында: "Келесі жылы міндетті түрде қосамыз"

 

  • 12 Желтоқсан 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин YouTube Premium видеохостинг платформасы жайын сөз етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Цифрлық даму министрлігінің басшысы YouTube Premium Қазақстанда қашан іске қосылатынын айтты.

"Бұл қандай да геосаяси мәселелерге байланысты болып отырған жоқ. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес, көптеген елде болып отырған жағдай. Біз YouTube-ке ықпал ете алмаймыз, бірақ барып, келістік".Бағдат Мусин

Министрдің айтуынша, бұрын жоспарланғандай, платформаны іске қосуды жыл соңына дейін аяқтау мүмкін болмайды. Келесі жылы "міндетті түрде" хостингтің премиум нұсқасы іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар