Мүслім Алтынбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүслім Алтынбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мүслім Алтынбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

ҚР Президенті Өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Қазан 2017
  • 491
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Ал, Мемлекет басшысының Өкімімен Оқас Базарғалиұлы Сапаров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Мүслім Мұхтарұлы 1966 жылы 19 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Генерал-майор. (2010), 1983 жылы орта мектептен кейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2005), Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесін (1987), ҚР ҰҚК институтының курсын (1995), РФ ҚМ Әскери- дипломатиялық академиясын 1998), АҚШ Қорғаныс лингвистикалык институтының ағылшын тілі курсын (2004) бітірген. Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесінің курсанты (1983-87), II137 әскери бөлімі командирінің қарамағына жіберілді, ОҚ жалпыәскер армиясы ӘҚ іскер дивизиясы истребительдік авиациялық полкы әскери басқару командалық пункітінің офицері, ӘҚ әскері корпусы көздеу пункіті көздеу штурманы, аға штурманы, 03811 әскери бөлімі жедел бағыттау бастығының көмекшісі, 14776 әскери бөлімі басқармасы бастығының аға көмекшісі, РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, 21346 әскери бөлімі жедел бағыттау бастығы, 22753 әскери бөлімі әскери атташесінің көмекшісі (1987-99), 22753 әскери бөлімі әскери атташесі, 14776 әскери бөлімі басқармасының әскери атташесі, 22753 әскери бөлімінің командирі, ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ Бас инспекция бастығы, «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскері қолбасшысының бірінші орынбасары — Басқарма штабының бастығы (1999-2010), «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскері қолбасшысы (2010 жылдың наурызынан). 2-дәрежелі «Айбын» ордені, өзге де медальдармен марапатталған.



 

Соңғы жаңалықтар