Мұсылмандар Рамазанда салықтан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылмандар Рамазанда салықтан босатылды

Мұсылмандар Рамазанда салықтан босатылды

 

  • 17 Маусым 2016
  • 314
Фото - Caravan.kz

Германияда ислам азық-түлік, тауар өнімдері сауда лашықтары мен мейманханалары иелері қасиетті Рамазан айында салық төлеуден босатылды, деп хабарлайды islam.kz. Салықтан босату туралы тиісті жарлыққа Германия канцлері Ангела Меркель қол қойған. Айта кетейік, құжат ораза айында мұсылмандарға сатылатын тауарлардың бағасын төмендету мақсатында әзірленген.

Әртүрлі конфессия өкілдерімен өткен кездесуде А.Меркель барлық сенім иелеріне теңдей құқықтық баға беруге үндеді. Сонымен қатар, канцлер елдегі мұсылмандардың басым бөлігі ізгі ниетті, Германия Конституциясын құрметтейтін азаматтар екенін атап айтты.


Еске салсақ, 2015 жылдың Рамазан айында Ангела Меркель Берлин қаласында мұсылман қауымының ауызашар кешіне қатысып, ізгілік айының қуанышына ортақтасқан болатын. Ол өз сөзінде еуропалықтарды ислам діні мен мұсылман халқына құрмет, сыйластық танытуға шақырып, мұсылмандар Германияның бір бөлігі болып табылатынын ескертіп өтті.

Соңғы жаңалықтар