Мұсылмандар ұлық мереке - Рамазанға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылмандар ұлық мереке -  Рамазанға дайындалуда

Мұсылмандар ұлық мереке - Рамазанға дайындалуда

2005-жылғы қазан айының 4-інен 5-іне қарағанда мұсылмандардың ұлық мерекесі Рамазан басталады. Рамазан 3-қарашаға дейін созылады.

  • 3 Қазан 2005
  • 443
Фото - Caravan.kz



Бұл туралы бүгін, 3-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бас мүфти Әбсатттар қажы Дербісәлі құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Қасиетті Құранда: «Рамазан — адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай» деп оның маңызының ерекше екенін атап көрсеткен. Рамазан айында ораза ұстау мұсылмандар үшін парыз.
«Рамазан айы жәннаттың есіктері айқара ашылған, жаҺаннамның есіктері тарс жабылған, азғын шайтандар шынжырмен кісенделген мүбәрак ай», деп паш етілген. Бұл айда әрбір мүмін қасиетті Құран Кәрімді көбірек оқып, мағынасын зерделей түскені абзал. Өзара сұхбаттар, тауарих уағыздары, күндізгі тиләуаттар мұсылмандар қауымын біріктіріп, жаңа рухани жетістіктерге бастайды.
Рамазан айында мүмкіндігі бар мұсылмандар жарлы-жақыбайларға, мүгедектер мен жетім-жесірлерге қарайласып, көмек берудің қайырымдылық пен бауырмалдықтың үздік үлгісін көрсетеді.
«Пітір садақасының мөлшері Қазақстанның түрлі қалаларында түрлі болмақ. Өйткені, ол 2 килограмм бидайдың бағасына тең. Алматыда ол әрбір адамға шаққанда 30 теңгеден келеді»,- деді Ә.Дербісәлі.
Қазанның 30-ынан 31-іне қараған түні Қадір түні. 3-қараша күні Ораза мейрамы басталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір дүниежүзінде 1,5 млрд. мұсылмандар бар. Қазақстан халқының 60 проценті өздерін мұсылманбыз деп санайды.
«Қазақстан көлемінде 1700 мешіт бар. Олардың 50-і ғана Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына қарамайды»,- деді Ә.Дербісәлі. Қазір Алматыда 23 мешіт жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар