Музыка - идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейтін өнер - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Музыка - идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейтін өнер

Музыка - идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейтін өнер

Музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейтін өнер.

  • 19 Сәуiр 2022
  • 310
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңдағы жастар өте талапшыл, ізденімпаз болып келеді. Көп нәрсені назарынан тыс қалдырығысы келмейді. Сонымен қатар, біздің көптеген ұлттық дүниелерімізді заманауи үлгіде ұсынғылары келеді. Сондықтан, біз әрқашан жастарымызды қолдап жебеп жүруіміз керек, дейді AY-ZERE өнер-білім орталығының ұстаз-домбырашысы Кенжебекова Бибісара Рахматиллақызы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында. 

— Бибісара апай, өзіңіз жайлы таныстырып өтсеңіз. Бұл салаға қалай келдіңіз…

— Өзім Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында тудым. Бала кезімізде әкем домбырасын қолына алып, ән айтып беретін еді. Осы өнер жолын таңдауыма да  ата-анам себепші болды деп ойлаймын. Музыкант болсын деп ауданымыздағы "Әлшекей" атындағы балалар музыка мектебінде домбыра класы бойынша 5 жыл сабақ алдым. Кейін музыкалық білімімді дамытайын деп, Жетісай музыка колледжін, әрі қарай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің музыка факультетін тәмәмдап, жоғарғы дипломды маман иесі болдым. Жалпы өнер саласы көп адамдар ойлағандай жеңіл, оңай сала емес, оныңда өз қиыншылықтары бар.

Домбыра үйірмесіне баланы қанша жастан бастап қабылдайсыздар? Қанша шәкірт тәрбиелеп жатырсыз.

— Домбыра үйірмесіне қатысамын деген әр бір оқушымызға есігіміз әр қашан ашық. Домбыра үйірмеміз жаңадан ашылып, аптасына 3 күн сабақ өтіледі. Қазіргі бала саны күн сайын көбейіп келеді. Біздің AY-ZERE өнер білім орталығымызда  домбыра, фортепиано, вокал сабақтары тек нотамен  ғана үйретіледі. Өйткені оқушыларымыз нотаға сауатты болса, келешекте өздері ұнаған аспаптарда нотаны оқып ойнай береді деген үмітіміз бар.

— Домбыраның балаға, жалпы әрбір адамға беретін әсері. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" деп жатамыз ғой…

— Қазағымыздың қос ішекті қара, үкілі домбырасын, әр қазағымыз өзінің жан дүниесімен домбыраның қасиетін түсінсе екен деймін.

 Ақын Қадір Мырзаәлі атамыз айтқандай:

"Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра

Нағыз қазақ -қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра!" — дегендей, домбыра қазағымыздың қасиетті асыл қазынасы. Оны тарта алмасақ та, қадірлеп қастерлеуіміз керек. 

Домбыра қазақ халқымыздың әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Баланың бойына рухани байлығын сіңіру домбырадан бастау керек  дейді ата-аналарымыз. Бала бойындағы табиғи музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Домбыра адамды еңбекқорлыққа, ізденуге баулиды. Кез-келген қазақ баласы домбыраның үнін естіген кезде, ерекше толғанысқа, тербеліске бөленіп, жан дүниесі керемет бір күй кешеді. Қазіргі таңда жастарымыз шетелге домбырамызды танытып жүргендеріне қатты қуанамын.

  Музыка адамның көңіл күйін, сезімін баурап алатын ғажайып дыбыс. Музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейтін өнер.

— Жаңадан ашылған орталық болғандықтан жарыстарға қатысып үлгермеген шығарсыздар. Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз…

-Иә, AY-ZERE  өнер- білім орталығында,  домбыра үйірмесі жаңадан қадам басып жатқандықтан жарыстарға қатысқанымыз жоқ. Болашақта көптеген жарыс, сайыстарға қатысып, AY-ZERE өнер-білім орталығымыздың атын елімізге жария етеміз деген үмітіміз бар. 

Өз білімімді оқушыларыма толықтай жеткізгім келеді. Музыкалық сауатты болып шыққандарын қалаймын. Музыкалық сауатты дегеніміз  кез-келген аспапты нотамен оқып, музыкалық шеберлікпен ойнау деп білемін.

Мектеп  жасындағы оқушыларымызға домбыраны насихаттап, күйшілеріміздің күйлерін тыңдау арқылы қиялы мен ой өрісін ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларымыздың шығармашылық қабілеттерін арттырып, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, өнерлі жастарға қолдау көрсетсек нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын.

Музыканың құдіретін терең түсініп, оның өзіне рухани азық етіп, адам өмірін шаттандырып ат салысатын музыкалық білімді азамат етіп тәрбиелеу.

Қазіргі таңдағы жастар өте талапшыл, іздемпаз болып келеді. Көп нәрсені назарынан тыс қалдырығысы келмейді. Сонымен қатар, біздің көптеген ұлттық дүниелерімізді заманауи үлгіде ұсынғылары келеді. Сондықтан, біз әрқашан жастарымызды қолдап жебеп жүруіміз керек деп ойлаймын.

"Өнерді сыйлаған өрге шығады

Дәстүрді сыйлаған төрге шығады", дейді халқымыз. AY-ZERE өнер — білім орталығының кірпішін қалаған Әзиз мырзаға үлкен рақметімді айтқым келеді. Бар күш ықыласын, орталығымыздың көркейіп дамуына үлкен үлес қосып, ат салысып, жүргеніне.

Қорытындылай келе, әрбір қазақ баласы домбыраның үнін естіп өссе жан дүниесі таза, рухани бай азамат болып өседі деген сенімдемін. Домбыра кез-келген қазақтың қолынан түспейтін аспап болуы керек, өйткені, ол ата-бабамыздан келе жатқан, екі ішекті домбырамыз қасиетті аспап болып есептеледі. Жалпы, домбыра деген сөздің өзі қастерлі, сол нәрсені біз жастарымыздың бойына сіңіріп, рухани болмысының дұрыс қалыптасуына домбыраның ықпалы үлкен екенін түсіндіруіміз керек.

Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында, қазіргі таңда көптеген салалар мемлекетімізден қолдау тауып жатыр, олардың ішінде өнер салалары да бар. Осы бағдарламаның мақсатына сай жастарымыз рухани жаңғыру үшін қолына домбырасын алып, күйін шертіп, шешендік өнерін  дамытып, ұлттық болмысын ояту үшін, біз барынша өз ықпалымызды тигізуіміз керекпіз деп ойлаймын, өйткені біздің буын жастарға көмек көрсетсек, жастарымыз кейінгі буынға жалғасып, солай ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға өнеріміз жалғасады деп білемін.

Соңғы жаңалықтар