«Мына қазақтың қызына обал болды»: Ақжарқын Тұрлыбай туралы қытай басылымдарының жазып жатқаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мына қазақтың қызына обал болды»: Ақжарқын Тұрлыбай туралы қытай басылымдарының жазып жатқаны рас па?

«Мына қазақтың қызына обал болды»: Ақжарқын Тұрлыбай туралы қытай басылымдарының жазып жатқаны рас па?

Ақжарқын Тұрлыбай туралы Қытайда  «Мына қазақтың қызына обал болды» деп жанталаса жазып жатқан көрінеді. Қазір оған қытай жастары жанкүйер болуда. 

  • 20 Шiлде 2020
  • 318
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы желідегі жеке парақшасыныда жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Ақжарқынның анасымен сөйлестім. Өткендегі біздің жинап берген қаражатты Қытайдағы адвокаты Мұралыға жіберіпті. Алғысын жаудырып жатыр Сіздерге!
«Таңертең телефонымды қосып қарасам 700 мыңдай ақша түсіпті. Өз көзіме өзім сенбей күйеуіме көрсеттім. Неше күннен бері басым қатып қайдан ақша табарымызды білмей жүрген едік. Күйеуім екеуміз бірімізді біріміз құшақтап бір жылап алдық» дейді Зухра апай сол кезде. Одан бері де біраз уақыт өтті.
Қазір Қытайда — карантин. Олар Ақжарқынды ойламақ түгілі, өз бастарымен қайғы болуда.
Бір қызық айтайын.
Біздің қаракөз қызымыз Қытайда да — өте танымал екен. Оны жергілікті газеттер жазып жатқанға ұқсайды. «Мына қазақтың қызына обал болды» деп шырылдап жанталаса жазып жатыр екен. Содан кейін Ақжарқынның жанкүйерлері пайда болыпты. Олар — Қытай жастары. Сондықтан да, жаман ұлт болмайтынын біле жүріңіздер. Жергілікті билік те қазақ қызының өмірінен хабардар болып отыр солардың арқасында.
Тағы бір жайт — Сыртқы істер министрі Тілеуберді Бескенұлына рахмет айтқым келеді. Осы істі мұқият назарына алып отырғанына.
Зухра апайым Ақжарқын екеумізді түсінде көріпті. Жақсылыққа жорыдық.
Ал енді Әлібиге келсек, этаппен 10 шілде күні Ақтау қаласының түрмесіне алып кететін болған. Алайда, карантинге байланысты әзірге Ақтөбеде қалды. Жүрегім ауырып кетті сол күні.
Менің интуициям ешқашан алдаған емес.
Әу баста осы екі жастың кінәсіздігіне сенгеннен қолға алдым. Мамам айтпақшы: «Ақжарқын елге оралса, Әліби ақталса мына індет кететін сияқты болып көрінеді де тұрады» деп.
Е, Құдайым-ай, осы екі жастың тағдыры тезірек шешіліп, мына қырғидай қырып жатқан індет кетсе екен елімізден!
Қадау-қадау бұтадай болған қариялардың азайып бара жатқаны да жаныма батады. Бүгін менің аңқылдаған нағашы Бодыбай ағам да қан қысымынан дүниеден өтті. Үйдегілерге: «Адам көп жерге барма» деп қалай айтамын жан-ағамның қайтқанына? Пейіштің төрі болсын ағатайымның орны.
Мына екі жастың ақталып шыққанын Алладан тілейікші, ағайын?!
Бәлкім сол кезде жалмауыз індеттен де құтылармыз

Еске салсақ Ақжарқын Тұрлыбай  2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуе-жайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Кейін қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырғаны мәлім. Алайда кейіннен сот шешімі жойылып, істі
қайта қарауға кері жіберген
еді.

Ал өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.
 

Соңғы жаңалықтар