"Мына сақалдінікі не сандырақ": Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мына сақалдінікі не сандырақ": Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге пікір білдірді

"Мына сақалдінікі не сандырақ": Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге пікір білдірді

Танымал дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге жауап берді. 

  • 11 Қыркүйек 2023
  • 185
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Құрметті ағайын!

Кейінгі кезде осындай аузы басын түк басқан дүншілдердің қисық уағыздарын естіп жағаңды ұстайсың. Қазақ қазақ болғалы домбырамен жасасып келеді емеспе. Халықтық ән жырлары айтылып, салт -санамызды тәрбиелеп жеткізіп келе жатқан жоқпызба. Жалпы Қазақты домбырасыз қалай елестетуге болады, мүмкін емес. Ендеше мына сақалдінікі не сандырақ..

Ел ішіне от салып,халықтың дәстүріне тіл тигізіп,домбыраны қорлаған мынандай адамдарды заң алдында қатаң ескертүсіз жазалау керек. Егер Қазақстан жерінде жер басып жүрсе. Домбырамен исламды бір -біріне қарcы қою дұрыс емес, қате ұғым", — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да бірауыздан әншіні қолдаған.


"Өз басында миы жоқ, біреудің ақылымен жүретін шірікіндер ғой", "Ұнамаса домбыра Арабияға барсын. Қазақ тұрған жерде домбыраның үні өшпейді", "Жастарымыз уланбаса екен. Сұмдық", "Ата Заңды бекітпесек қатал жазамен бұл әлі бьастамасы", — деп жазды олар. 

Соңғы жаңалықтар